Алланың қалауымен Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінің ауласы, көлік тұрағы және мешітке келер жол толықтай асфальтталып, жамағат үшін қолайлы жағдай жасалды.
Бұл игі іске қолдау көрсетіп, атсалысқан барша азаматтарға Алла разы болсын! Сіздердің еңбектеріңіз – халықтың игілігіне, ұрпақтың болашағына қалдырылған сауапты іс. Жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын!
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі