Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті 60-тан оқушыға оқу құралдарын табыстады
«Бала қажы» мешіті 60-тан оқушыға оқу құралдарын табыстады

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды.


Акция аясында 60-тан аса отбасыға сөмке мен оқу-құралдары табысталды. Сонымен қатар алдын ала өтінім берген 50-ден астам отбасы өз қажеттілігіне орай аяқ киімдер мен киім-кешектерді таңдап алды.


Мешіт ұжымы бұл игі бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.


«Әр бала білім алуға міндетті. Мешіттеріміз соған қолдау көрсетіп, жағдай жасауға барынша атсалысып келеді. Осындай қайырымдылыққа үлес қосқан жамағатқа Алла Тағала мол сауаптан жазсын», – деп атап өтті іс-шара ұйымдастырушылары.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz