Бүгін Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде дәстүр бойынша адал ас тағамдары, соның ішінде қолдан әзірленген ыстық палау, бәліш және өзге де дәмді тағамдар ұсынылды. Жұма намазына келген жамағат дастарханнан дәм татып, сусындармен шөлін басты. Намаздан кейін де жамағат сауап алуды ниет етіп, жәрмеңкеден тағамдар алып жатты.
Жиналған қаражат мешіттің алдағы қайырымдылық бағытындағы іс-шараларына жұмсалатын болады.
Мешіт ұжымы игі іске үлес қосқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, Алла Тағаладан берекелі несібе, мол сауап нәсіп етуін тіледі.