Center Image
IHSAN.KZ
Қайырымдылық жәрмеңкесі «Төлеутай ата» мешітінде жалғасты
Қайырымдылық жәрмеңкесі «Төлеутай ата» мешітінде жалғасты

Қарағанды қаласындағы барлық мешіттерде қасиетті жұма күні ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесі «Төлеутай ата» мешітінде де жалғасын тапты.


Жәрмеңкеден түскен қаражат Қарағанды қаласында 36 имамға арналып салынып жатқан қызметтік пәтерлердің құрылысына бағытталмақ. Бұл бастама – дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған сауапты іс болып саналады.


Жәрмеңкеге мешіт жамағаты белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Жамағаттың осындай қолдауы қайырымды істің жемісті өтуіне себеп болды.


Мешіт ұжымы атсалысқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, Алла Тағаладан сауаптарын мол етуін тіледі.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызмет


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz