Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде Абайдың мерейтойына орай рухани эстафета ұйымдастырылды
«Төлеутай ата» мешітінде Абайдың мерейтойына орай рухани эстафета ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде қазақтың ұлы ойшылы, дана ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай рухани-танымдық эстафета өткізілді.


Эстафета барысында мешіттің LED экранында күн сайын Абайдың қара сөздері көрсетіліп, жамағаттың кеңінен қатысуы үшін мешіттің WhatsApp тобына қара сөздердің аудио нұсқалары тұрақты түрде жолданып отырды. Бұл бастама жамағатқа ұлы ақынның мұрасын тереңірек танып, ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді.


Эстафета соңында Абайдың қара сөздерін жаттап қана қоймай, оның мәнін терең түсіндіріп берген белсенді қатысушылар іріктеліп, үздіктер арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.


Марапаттау рәсімін мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жүргізіп, жамағатқа Абай мұрасын жас ұрпаққа жеткізудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ эстафетаға белсенді атсалысқан барша қауымға алғысын білдірді.


Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қазақтың кемеңгер ойшылы Абайдың даналық сөздерін насихаттау, елдің рухани санасын көтеру және жамағатты ізгілікке, білімге, бірлікке үндейтін асыл мұрамен сусындату болды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz