Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласы: «Мектепке жол-2025» қайырымдылық акциясы
Шахтинск қаласы: «Мектепке жол-2025» қайырымдылық акциясы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол-2025» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара қаланың бас имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» бағыты аясында жүзеге асты.


Акция барысында 20 оқушыға мектепке қажетті толық құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Бұл игі бастаманың мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын қолдау, жас өрендердің жаңа оқу жылын қуанышпен бастауына мүмкіндік жасау.


Іс-шараға ата-аналар, жамағат өкілдері мен ақсақалдар қауымы қатысып, балаларға ақ батасын берді. Сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты маманы Нұрғали Байкешев жиналғандарға арнайы сөз сөйлеп, қайырымдылықтың қоғамдағы маңызына тоқталды.


Имам Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы өз сөзінде жамағатты жақсылық жасауға, ізгілікке үндеп, балаларға сәттілік тілеп, білім жолында табысты болуға шақырды.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz