Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде күндізгі уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр
«Бала қажы» мешітінде күндізгі уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қарағанды қаласындағы «Бала қажы» мешітінде жамағатқа арнап күндізгі уағыз-насихат жұмыстары жүйелі түрде өткізіліп жатыр. Әр күні бесін және екінті намазынан кейін Құран тәпсірлері түсіндіріліп, түрлі тақырыптарда тағылымды уағыздар айтылады.

Жат ағымнан сақтану, ата-анаға құрмет, Отанды сүю, татулық секілді тақырыптар мен аят-хадистер негізінде кеңінен қамтылып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолынан да өнегелі мысалдар келтіріледі.

Тұрақты дәрістердің арқасында жамағат қатары да артып келеді. Мешіт ұжымы бұл іс-шараны жастардың білімге, дінге деген сенімінің нығаюы деп бағалайды. Бесін және екінті намаздарынан кейінгі уағыз-насихат жиындары алдағы уақытта да жалғасады.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz