Center Image
IHSAN.KZ
Өспен ауылында жат ағымның алдын алу жайлы түсіндірілді
Өспен ауылында жат ағымның алдын алу жайлы түсіндірілді

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылдық мешітінің имамы Бахтияр Есімбеков Өспен ауылдық әкімдігінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жат ағымның алдын алу тақырыбында түсіндіру және насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам діни алауыздық тудыратын теріс ағымдардың қоғамға, отбасына және ұлттық бірлікке тигізер зияны туралы айтып, одан сақтану жолдарын баяндады. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын дәстүрлі Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенімінің тұрақтылықты сақтаудағы рөлі жайында атап өтті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz