Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы жамағатқа «Жат ағымның қоғамға тигізер зардабы» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Имам уағыз барысында дінде іріткі салушы, дәстүрлі ислам қағидаларына қайшы ағымдардың шығу себептерін түсіндіріп, олардың қоғам мен отбасыға келтіретін зиянын атап өтті. Сондай-ақ мұндай теріс пиғылды топтардан сақтану жолдарын баяндап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанған Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенімінің бірлікті сақтаудағы рөлін түсіндірді.
Жамағатқа діни білімді тек сенімді дереккөздерден алу, мешіт имамдарымен байланыста болу және елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтау жөнінде насихат айтылды.
Жиын соңында жамағатқа бата беріліп, ауызбіршілік пен ынтымақтың діндегі орны тағы да ескертілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі