Center Image
IHSAN.KZ
«Жыржыс қажы» мешітінде хакім Абайдың тағылымды мұрасы насихатталды
«Жыржыс қажы» мешітінде хакім Абайдың тағылымды мұрасы насихатталды

Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай жамағатқа ақынның шығармаларындағы Ислам дініне сай және ұлттық құндылықтарға толы тағылымды ойларын жамағатқа талдап, түсіндіріп берді.

Имам уағыз барысында хакім Абайдың өмір жолына, шығармашылық мұрасына және қара сөздеріндегі тәрбиелік мәніне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ Абайдың мұсылмандыққа, адамгершілікке, әділдікке, ел бірлігіне және ғылым-білімге үндеген өсиеттерін мысалдармен түсіндіріп, жамағатты ізгі істер атқаруға шақырды.

Имам сонымен қатар хакімнің еңбектерінің бүгінгі күнмен сабақтастығын айта отырып, жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен имандылықты сіңірудің маңызын ерекше атап өтті.

Жиын соңында жамағатқа бата беріліп, ұлы тұлғаның мұрасын ұрпақ санасында жаңғыртып, күнделікті өмірде үлгі етуге үндеді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz