Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде жасөспірім шәкірттерге Құран дәрістері тұрақты жүргізіледі. Мешіттің наиб имамы Танат Тилмановтың жетекшілігімен өтіп жатқан бұл сабақтарда шәкірттер Құран оқудың ережелерін, тәжуид ілімін және дұға-тілектерді үйреніп жүр.
Дәрістер барысында жасөспірімдерге имандылық, әдеп және діни білімнің маңызы жайлы насихат айтылып, олардың рухани дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай сабақтар жас буынның діни сауатын арттырып қана қоймай, олардың өмірлік ұстанымдарын дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі