Қарағанды облысы Саран қаласына қарасты Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінің ұстазы Әмина Алмасқызы Саран қалалық мешітінде әйел-қыздарға арналған «Құран және тәжуид» дәрістерін тұрақты түрде өткізіп келеді.
Бұл сабақтарда қасиетті Құранды дұрыс оқу ережелері мен тәжуид қағидалары үйретіліп, қатысушылардың білімін жетілдіруге баса назар аударылады. Мұндай игі бастама әйелдер мен қыз-келіншектердің діни сауатын арттыруға және рухани дамуына сеп болады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі