Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты футбол алаңында бас қосты. Іс-шара саламатты өмір салтын насихаттау, жамағат арасындағы бауырмалдықты арттыру және бос уақытты тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылды.
Ойын барысында қатысушылар өзара жақсы қарым-қатынас орнатып, достық рухта сынға түсті. Мұндай спорттық кездесулер жамағатты біріктіріп қана қоймай, денсаулықты нығайтуға да сеп болады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі