Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінде игі дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл жолы мұқтаж жандарға ет және күнделікті қажетті азық-түлік себеттері таратылды.
Игі іске мешіт жамағаты, қайырымды жандар мен демеушілер белсене атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты қарияларға және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Іс-шара мешіт ауласында жылы әрі ұйымдасқан түрде өтті.
Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар асыл қасиет. Осындай іс-шаралар қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайта түсетіні сөзсіз. «Әл-Ғаффар» мешітінің ұжымы атсалысқан барлық азаматтарға шынайы алғыс білдіріп, Алла Тағаладан жасаған жақсылықтарының еселеп қайтаруын тіледі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі