«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жастардың рухани білімін арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Жастар және отбасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен өткен іс-шараға мешіт жамағаты, қала жастары мен белсенді еріктілер қатысты. Семинарды Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы жүргізді.
Өз сөзінде имам Исламдағы отбасының орны, ер мен әйелдің бір-біріне деген жауапкершілігі, ата-анаға құрмет көрсету және бала тәрбиесінде өнегелі болу жайында кеңінен баяндады. Сондай-ақ қазіргі заманда отбасы бірлігін сақтау жолдары мен исламдағы үлгілі өнегелі істер туралы мағлұмат берді.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дін мен отбасы тақырыбында пікіралмасты. Имам сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтірді. Мұндай кездесулер жастардың діни сауатын арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға зор ықпал етеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі