Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғайда неке қиғызған жастарға отбасылық құндылықтар насихатталды
Ақтоғайда неке қиғызған жастарға отбасылық құндылықтар насихатталды

Ақтоғай аудандық мешіттің наиб имамы Ерлан Орынбайдың ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында мешіттерде неке қидырған жұптардың қатысуымен ұлттық және отбасылық құндылықтарға арналған іс-шара өтті.

Басқосу барысында отбасылық береке, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құрметі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және ұлттық салт-дәстүрдің исламдағы орны туралы мазмұнды әңгімелер қозғалды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz