Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде ақида пәнінен интеллектуалды кеш ұйымдастырылды
«Ар-Рахман» мешітінде ақида пәнінен интеллектуалды кеш ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінде жамағатқа арнап ақида пәні бойынша өтіп жүрген дәрістерінің қорытындысы ретінде интеллектуалды сұрақ-жауап кешін ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – қатысушылардың ислам сенімінің негіздері жөніндегі білімін жүйелеу және тереңдету, діни сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ жамағаттың діни дүниетанымын интеллектуалдық тұрғыдан дамыту болды. Бағдарлама барысында ислам сенімінің негізгі қағидаттарына қатысты сұрақтар қойылып, қатысушылар мазмұнды жауаптар берді.

Дұрыс жауап бергендер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл тәсіл олардың белсенділігін арттырып, білім алуға деген ынтасын күшейтуге ықпал етті. Кеш соңында жамағат атынан ұйымдастырушыларға ризашылық білдіріліп, осындай форматтағы бағдарламалардың діни бірлік пен рухани ынтымақты нығайтудағы маңызы ерекше екені атап өтілді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz