Center Image
IHSAN.KZ
«Исламдағы сауда-саттық» тақырыбында жиын өтті
«Исламдағы сауда-саттық» тақырыбында жиын өтті

Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұстазы Талғат Әбдил «Исламдағы сауда-саттық» тақырыбында, фиқһ әл-муамалат кітабы негізінде жастарға қаржылық сауаттылықты үйрету мақсатында жиын ұйымдастырды.

Басқосуда адал табыс табу жолдары, саудадағы шариғи талаптар және қаржыны дұрыс басқару мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Іс-шара барысында жастар сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтерін айтып, өзара пікіралмасты. Мұндай кездесулер жас буынның адал еңбекке деген ынтасын арттырып, өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz