2025 жылғы 8 тамыз, қасиетті жұма күні Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жаңадан тағайындалған имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа алғашқы жұма уағызын жүргізді. Уағыз «Құрметтің шыңы — ата-ана» тақырыбында өтті.
Имам уағызында ата-ананың ислам дініндегі орны мен мәртебесіне тоқталып, Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистері негізінде ұрпақтың перзенттік борышы, құрмет пен ибалылық жайында тағылымды ой қозғады.
Бұл – имам Азамат Төлеуханұлының «Ар-Рахман» мешітінде алғаш рет жұма намазын өткізуі. Жамағат имамды жылы қабылдап, қызметіне сәттілік пен береке тіледі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі