Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы қарттар үйіне зиярат жасады
«Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы қарттар үйіне зиярат жасады

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Түменбай қаладағы қарттар үйіне арнайы барып, ондағы қарияларды зиярат етті.

Іс-шара аясында дастархан басында бас қосып, өмірдің мәні, имандылық пен ізгілік туралы уағыз-насихат айтты. Қариялардың амандығы мен елдің бірлігі үшін Құран оқылып, ақ бата берілді. Жиналған ақсақалдар мен аналар да ел мен жердің тыныштығына, ұрпақтың амандығына дұға жасады.

Кездесу соңында наиб имам мекеме қызметкерлеріне қарияларға көрсетіп отырған мейірімді қызметі үшін алғыс білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz