Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай рухына бағыштап Құран хатым дұғасы жасалды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы Абайдың өмір тарихына тоқталып, оның шығармаларындағы имандылыққа, ізгілікке шақыратын өсиеттерін жамағатқа насихаттады. Сондай-ақ ойшылдың асыл дінімізге сіңірген еңбегі мен рухани мұрасының бүгінгі ұрпаққа берер тағылымы туралы баяндады.
Рухани басқосуда дастархан жайылып, жамағатқа ас берілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі