Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының бастамасымен мешіттің жарық жүйесі толықтай қайта жөндеуден өтті. Жұмыс барысында мешіттің ішкі және сыртқы жарық шамдары ретке келтіріліп, ақаулары жөнделді.
Сондай-ақ мешіт атауы жазылған маңдайшаның жарық шамдары жаңартылып, түнгі мезгілде анық көрінетіндей етіп орнатылды. Бұл өзгерістер мешіт ауласының көркін арттырып, жамағатқа қолайлы жағдай жасады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі