Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар жырау ауданында мәйітхана құрылысы аяқталды
Бұқар жырау ауданында мәйітхана құрылысы аяқталды

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде мәйітхана құрылысы сәтті аяқталды.

Ауданның бас имамы Рүстем Мұратұлының бастамасымен қолға алынған бұл сауапты іс жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты. Құрылыс жұмыстары қысқа мерзім ішінде сапалы орындалып, мешіт жамағаты мен аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды.

Жаңадан салынған мәйітхана ҚМДБ «Қамқор Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының талаптарына толық сай жабдықталып, қызмет көрсетеді. Мұнда марқұмды шариғат талаптарына сай жуу, кебіндеу және жаназа рәсімдерін өткізуге барлық жағдай жасалған.

Мешіт ұжымы мен аудан имамы сауапты іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы алғыс білдіреді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz