Демеушілердің қолдауымен «Бала қажы» мешітіне жалпы құны 600 мың теңгені құрайтын бірнеше ірілі-ұсақ бейнебақылау камералары алынды.
Жаңа құрылғылар мешіттің негізгі намаз оқитын үлкен залына, дәріс өтетін кабинеттеріне, Құран оқитын және неке қиятын бөлмелеріне, сондай-ақ асханаға орнатылды.
Бұған қоса, мешіттің кіре берісі мен ауласындағы ескі камералар жаңартылды.
Бұл жұмыс мешіттің қауіпсіздігін арттырып, сақтық шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі