Теміртау қалалық орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде жастар жамағатының қатысуымен «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шарада отбасы институтының маңызы, ер мен әйелдің міндеттері, ата-анаға құрмет пен бала тәрбиесі жөнінде жан-жақты әңгіме қозғалды.
Қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, имандылыққа қатысты пайдалы мәліметтер алды.
Бұл игі бастама мешіт имамы Ақниет Салімбайұлының ұйымдастыруымен өтті.