Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі іс- шара ауданның имамы Берік Алпысбайұлының ұйытқы болуымен өтті.
Мешіттің ішкі аумағы тазартылып, кілемдер мен терезелері ретке келтірілді.
Бұл жұмысқа мешіт жамағаты белсенді түрде атсалысып, Алланың үйін көркейтуге өз үлестерін қосты.
Берік Алпысбайұлы жамағатқа алғыс айтып, тазалық – иманның жартысы екенін еске салды. Мұндай іс-шаралар мешіттің көркін арттырып қана қоймай, жамағат арасындағы бірлікті де нығайта түсетіні айтылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі