Center Image
IHSAN.KZ
Әл-Ғаффар мешітінің жастары футбол турнирінде II орынды иеленді
Әл-Ғаффар мешітінің жастары футбол турнирінде II орынды иеленді

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігі және Қарағанды облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Теңбіл доп – 2025» футбол турнирінде Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар»  мешітінің жамағаты жүлделі II орынды иеленді.

Аталған турнир жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және мешіттердің жамағаты арасындағы достық байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. «Әл-Ғаффар»  мешітінің жастары ұйымшылдық пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп, жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті.

Мешіт ұжымы жеңімпаз жамағатты құттықтап, алдағы уақытта да жастарды рухани әрі спорттық бағытта қолдайтынын жеткізді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz