Ақтоғай ауданының имамы Қапас Еркін Әуелбекұлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Сартерек ауылдық мешітіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, басқару бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Сапар барысында аудан имамы ауыл мешітінің жай-күйімен танысып, жергілікті жамағатпен жүздесіп, аймақтағы діни ахуал мен тыныс-тіршілік туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар мешіттің жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударып, құрылыс барысы бойынша ұсыныстарын білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі