Жат ағымдардан сақтану – ортақ міндет
Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы жамағатқа жат ағымдардың зияны мен одан сақтанудың жолдары туралы кең көлемде насихат жүргізді.
Кездесу барысында имам елімізде болып алып жатқан түрлі діни адасушылықтар мен жалған идеологиялардың қоғамға тигізетін кері әсеріне тоқталып, жамағатты діни сенімде сауатты әрі сақ болуға шақырды. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымы мен дәстүрлі Ханафи мәзһабының жолы кеңінен түсіндірілді. Жастардың жат ағымдарға ілесіп кету себептері мен оның алдын алу жолдары нақты мысалдармен баяндалды.
Жамағат өкілдері имамның тағылымды уағызын ықыласпен тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі