Қарағанды облысы, Теміртау қаласына қарасты Ақтау кентінің мешітінде «Имани жаз – 2025» жазғы діни лагері өз жалғасын тауып келеді.
Игі бастама аясында балалар Құран оқуды, әліппе сабағын үйреніп, имани тәрбие алып жатыр. Сабақтар барысында шәкірттерге ислам әдебі мен ізгілікке негізделген тағылымдар насихатталып жатыр.
Сонымен қатар лагерь кезінде балаларға арнап дәмді тағамдар әзірленіп, түрлі жеміс-жидектерден дастархан жайылды. Іс-шара балғын шәкірттердің жазғы демалысын мазмұнды өткізуге және рухани дүниесін байытуға бағытталған.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі