Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинскіде ерлі-зайыпты орыс ұлтының өкілдері ислам дінін қабылдады
Шахтинскіде ерлі-зайыпты орыс ұлтының өкілдері ислам дінін қабылдады

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде орыс ұлтының өкілдері — ерлі-зайыпты Степан мен Марина ресми түрде ислам дінін қабылдады.

Діни рәсімді мешіттің азаншысы Нұрғали Байкешев жүргізіп, жаңа мұсылмандарға ислам дінінің негізгі қағидалары мен иман шарттары жан-жақты түсіндірілді.

Степан мен Марина бұл қадамға ұзақ ізденіс пен терең ой-толғау нәтижесінде келгендерін айтып, исламға деген қызығушылықтары мен ішкі сенімдерінің артқанын жеткізді.

Мешіт ұжымы жаңадан мұсылман болған жандарды шын жүректен құттықтап, Алла Тағаладан олардың дін жолындағы қадамдарына береке, сабыр және берік иман беруін тіледі.

Бұл оқиға – ел ішіндегі дінаралық түсіністік пен рухани ізденістің айқын көрінісі.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz