Center Image
IHSAN.KZ
«Құнанбай қажы» мешітінде Қожа Ахмет Ясауи ілімі насихатталды
«Құнанбай қажы» мешітінде Қожа Ахмет Ясауи ілімі насихатталды

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде кезекті жұма уағызы өтті. Бұл жолы жамағатқа мешіт ұстазы Жұмабек Айбар «Қожа Ахмет Ясауи және оның хәл ілімі» тақырыбында терең мазмұндағы уағыз айтты.

Уағыз барысында ұстаз Түркі жұртының ұлы сопысы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен мұрасын кеңінен баяндап, халқымыздың рухани болмысына терең сіңген хәл ілімінің маңызын түсіндірді. Ясауи жолының адамгершілікке, сабыр мен тақуалыққа үндейтінін, бұл ілімнің бүгінгі қоғам үшін де аса өзекті екенін атап өтті.

Жұма намазы аяқталған соң, жамағат елдің амандығы мен жердің тыныштығы үшін шынайы ниетпен дұға жасады.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz