Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жастарға арналған Құран аяттарының мән-мағынасын түсіндіру дәрістері әдеттегідей жалғасып жатыр. Бұл жолы жамағатқа «Юнус» сүресінің 108-аятын терең тәпсірлеп, мазмұны кеңінен түсіндірілді.
Бесін намазына жиналған жамағаттың бір бөлігі мешітте қалып, имамнан ілім алып қайтты. Әр аяттың мағынасын ұғынып, тәпсірін түсіну арқылы адамның рухани дүниесі толығып, білім көкжиегі кеңейе түсетіні сөзсіз.
Осындай ілімге негізделген насихаттар мен түсіндіру сабақтары алдағы уақытта да жалғаса береді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі