Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің жамағаты қала жастары арасындағы футбол жарысына қатысты. Мешіт командасы Қарағанды қаласы мешіттері жамағаты арасында өткен «Теңбіл доп–2025» футбол турнирінде белсенді ойын көрсетіп, жоғары ынтамен көзге түсті.
Осындай спорттық іс-шаралар мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайтып, бірлікті арттыра түседі. Әйел-қыздар жамағаты волейбол жарысында жеңіске жетсе, ер азаматтар футбол бәсекесінде белсенділік танытты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі