Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жамағатқа «Исламдағы сауда-саттық» тақырыбында әл-Муамалат кітабынан уағыз-насихат айтылды. Саудамен айналысатын кәсіп иелеріне адал табыс табудың шариғи қағидаттары түсіндіріліп, сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім шарттары туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар күн сайын бесін намазынан кейін мешітке жиналған жамағатқа Құран аяттарының тәпсірі айтылып келеді. Бұл жолы «Һуд» сүресінің 2-аятындағы мағына кеңінен түсіндірілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі