Шет ауданына қарасты Ақжал кентіндегі мешітте имамның бастамасымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қасиетті орданың ішкі жағдайын жақсарту арқылы жамағатқа қолайлы орта қалыптастыру мақсат етілді.
Атап айтқанда, мешіттің асханасы мен дәретханаларының есіктері жаңартылып, ескірген тұрбалары толық ауыстырылды. Барлық жұмыс мешіт ұжымы мен жамағаттың қолдауымен жүзеге асты.
Жөндеу жұмыстары мешіт қызметінің сапасын арттырумен қатар, жамағатқа деген ықылас пен құрметтің көрінісі. Алдағы уақытта да мешітті көркейту және абаттандыру бағытындағы игі істер жалғасын табады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі