Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды: Мешіт жамағаттары арасында «Теңбіл доп – 2025» турнирі өтті
Қарағанды: Мешіт жамағаттары арасында «Теңбіл доп – 2025» турнирі өтті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының бірлесе  ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаттары арасында футболдан «Теңбіл доп - 2025» атты турнир болып өтті. 
 
Жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған  доп додасына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған аймаққа қарасты мешіттер арасынан он екі команда жасақталып, өзара бақ сынасты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын турнирдің  мақсаты –мешіт жамағаттары арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Сондай-ақ, қоғамға және жамағат арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. 

Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын «Төлеби » мешіті (200 000 тг);
ІІ орын «Аль-Ғаффар» мешіті (100 000 тг);
ІІІ орын «Қамзе ата» мешіті (50 000 тг).

«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Раббаев Рүстем;
«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша  Бақыт Дәуіржан;
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Қойшыбаев Мерей.
Турнирдің үздік ойыншысы Ахметов Бақытжан


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz