Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинскіде жамағатқа «Ақтық сапардағы міндеттер» жайлы дәрісте түсіндіріілді
Шахтинскіде жамағатқа «Ақтық сапардағы міндеттер» жайлы  дәрісте түсіндіріілді

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағатқа арналып «Ақтық сапардағы міндеттер» тақырыбында арнайы діни дәріс ұйымдастырылды.

Дәріс барысында мәйітті жерлеу рәсімдеріне қатысты діни амалдар – кебін пішу, ғұсыл алу, жерлеу әдебі мен оқылатын дұғалар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мешіт имамдары мәйітті шариғат талабына сай дайындау тәртібін кезең-кезеңімен көрсетіп, практикалық мысалдар арқылы жамағатқа нақты түсіндірме берді.

Іс-шара соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, шариғи тұрғыда нақты жауаптар алды.

Аталған дәрістің мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттырып, ел ішінде жиі кездесетін жерлеу рәсімдеріндегі қателіктердің алдын алу.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz