Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Орынбекұлының бастамасымен және мешіт ұстаздары Жұмабек Айбар мен Рахымбаева Айгерімнің ұйымдастыруымен «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы аясында ұлттық ойындарға негізделген тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешіті мен қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінің жазғы курсына қатысушы шәкірттері белсене атсалысты. Балалар эстафеталық жарыстарға қатысып, қазақтың дәстүрлі садақ ату ойынын қызығушылықпен ойнады.
Тәрбиелік іс-шараның негізгі мақсаты – шәкірттердің дене шынықтыруын нығайтып, ептілік пен шапшаңдық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ұлттық ойындар арқылы олардың тарихи-мәдени таным көкжиегін кеңейту. Сонымен қатар бұл бастама балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және саламатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуді көздеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі