Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде жазғы сауат ашу курсы аясында шәкірттерге арналған спорттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара мешіттің имамы Митератбек Орынбекұлының жетекшілігімен, ұстаздар Жұмабек Айбар мен Рахымбаева Айгерімнің үйлестіруімен өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, жас буынның денсаулығын нығайту, ұйымшылдық пен достыққа, бірлікке тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге бағыттау.
Спорттық ойындарға Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешіті мен қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінің жазғы курсына қатысушы шәкірттері белсене атсалысты.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі