Center Image
IHSAN.KZ
«Иса молла» мешітінде фиқһ дәрістері жалғасып жатыр
«Иса молла» мешітінде фиқһ дәрістері жалғасып жатыр

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде жамағатқа арналған фиқһ дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Дәрістерді мешіт имамы Азамат Серікұлы ұйымдастырып, жүргізіп отыр.

Кезекті дәрісте «Исламдағы сауда-саттық» тақырыбы кеңінен талқыланды. Онда адал кәсіп ету, саудада әділетті болу, пайыздық өсімнен (риба) және алдаудан сақтану жөніндегі шариғи үкімдер нақты өмірлік мысалдармен түсіндірілді.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтар жан-жақты қамтылып, дәріс - білім алуға құштар азаматтар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz