Center Image
IHSAN.KZ
«Жастар және отбасы» тақырыбында уағыз жүргізілді
«Жастар және отбасы» тақырыбында уағыз жүргізілді

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде жастарға арналған уағыз өтті. 

Рухани тәрбиеге бағытталған бұл кездесуді мешіттің бас имамы Азамат Серікұлы жүргізді.

Уағыз барысында «Жастар және отбасы» тақырыбы кеңінен қамтылып, отбасын құрудағы ниеттің дұрыстығы, ер мен әйелдің міндеттері, сабыр мен сыйластық, ата-ананы құрметтеу сынды маңызды мәселелер қозғалды. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы жастар тәрбиесіне қатысты шариғи көзқарастар түсіндіріліп, имандылықтың отбасы берік негізі екені айтылды.

Имам жастарды отбасы құндылықтарын ардақтап, шариғат шеңберінде өмір сүруге, жауапкершілік пен тақуалықты серік етуге үндеді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz