Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы «Жыржыс қажы» мешітінде сыртқы қоршау орнату жұмыстары аяқталу сатысында. Игі бастама аудан имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып отыр.
Қоршау орнату - мешіт аумағын абаттандыру, қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жамағатқа жайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған. Жоба барысында сапалы құрылыс материалдары қолданылып, жұмыстар жүйелі әрі тиімді жүргізілді.
Мешіттің сыртқы келбеті мен қызметтік әлеуетін арттыруға бағытталған бұл құрылыс – өңірдегі діни нысандарды жаңғырту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі