Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде әйелдер жамағаты шариғат бойынша сабақ алып жатыр өтіп жатыр
«Қазыбек би» мешітінде әйелдер жамағаты шариғат бойынша сабақ алып жатыр өтіп жатыр

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйелдер жамағатына арналған тұрақты діни дәрістер өтіп жатыр. Дәрістерді мешіттің ұстазы Гүлнар Ергожина жүргізіп келеді.

Сабақ барысында қатысушылар фиқһ (ислам құқықтары) және ақида (сенім негіздері) тақырыптары бойынша білімдерін арттырып, шариғи мәселелер жөнінде жан-жақты мағлұмат алады. Дәрістер сұрақ-жауап, пікір алмасу және күнделікті өмірге қатысты мәселелерді талқылау форматында өтеді.

Игі іс-шара әйел жамағатының діни сауатын арттыруға, имани тәрбиені нығайтуға және рухани бірлікті бекемдеуге бағытталған.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz