Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы аясында шәкірттер үшін табиғат аясында танымдық әрі рухани демалыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар таза ауада серуендеп, спорттық ойындар ойнады. Сонымен қатар ұстаздар тарапынан имандылық, тәрбие және ата-анаға құрмет тақырыптарында уағыз-насихат айтылып, шәкірттерге пайдалы кеңестер берілді.
Мешіт ұстаздарының айтуынша, мұндай демалыстар балалардың дінге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың рухани тұрғыдан өсуіне үлкен септігін тигізеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі