Center Image
IHSAN.KZ
«Мәди Бәпиұлы» мешітінің шәкірттері Құран жаттауға ден қойды
«Мәди Бәпиұлы» мешітінің шәкірттері Құран жаттауға ден қойды

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігіне қарасты Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінде тұрақты түрде Құран дәрістері өтіп жатыр.

Игі іс-шара аясында мешіт шәкірттері Құран жаттауға ден қойып, тәжуид ережелерін меңгеріп келеді. Дәрістер мешіт жанындағы діни сауат ашу курсы негізінде ұйымдастырылып, тәжірибелі ұстаздар жетекшілік етіп отыр.

Құран жаттау арқылы шәкірттердің діни білімге деген ынтасы артып, рухани тәрбиесі нығая бастады. Сондай-ақ сабақ барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті мен әдеп қағидалары да насихатталады.

Құран дәрістері апталық кестеге сәйкес жалғасып, шәкірттердің білім деңгейіне қарай топтарға бөлініп жүргізіледі.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz