Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітіне жаңа имам тағайындалды.
Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы мешітке жиналған қалың жамағатқа ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқи отырып, «Ар-Рахман» мешітінің имамы Бекмолдаев Азамат Толеухановичті таныстырды.
Сондай-ақ, осы кезге дейін Қарағанды қалалық «әл-Ғаффар» мешітінде ұстаз болып қызмет атқарып келген Азамат Толеухановичтің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде осы уақытқа дейін имамдық қызметін атқарған Әлімжан Қазақбайұлының қызметіне мешіт жамағаты өз алғысын білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрметпен шығарып салды.
Мешіт ақсақалдары жаңа имамның қызметіне береке тілеп батасын берді.
Бекмолдаев Азамат Толеуханович
Білімі:-2011-2014ж.ж. Алматы қаласы, «Әбу Ханифа» медресе-колледжі;
- 2014-2017ж.ж. Алматы қаласы. «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті;
- 2021-2024ж.ж. Түркия мемлекеті, Хасеки академиясы;
Қызмет өтілі: - 2017-2021ж.ж. Алматы қаласы, «Әбу Ханифа» медресе-колледжі, арнайы пәндер ұстазы;
-2024ж тамыз-желтоқсан аралығы Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы;
- 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы қызметін атқарып келді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі