Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында рухани кеш өтті
«Әнет баба» мешітінде «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында рухани кеш өтті

    «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында дәстүрлі  бейсенбілік басқосу жалғасын тапты.

Аталған шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен және   «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен өтті. Жиын барысында жамағатқа ақ дастархан жайылып, дәм ұсынылды.

Кештің құрметті қонағы – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры  Мұхамедғали Ілиясұлы қатысып, қазақ отбасындағы әкенің орны, оның қоғам мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы тағылымды насихат жүргізді. Ол ұлттық құндылықтарды сақтауда әкенің өнегесі мен жауапкершілігінің маңызына тоқталды.

Шара соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, ата-баба рухына бағышталып дұға жасалды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz