Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АҒАДЫР КЕНТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АҒАДЫР КЕНТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  Шет ауданына жасаған қызметтік сапары барысында аймаққа қарасты  Ағадыр кенті  «Иса молла» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀

«Разылықтың сауабы» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам:​ «Разылық – жүректің Раббысына деген толықтай бойсұнуы мен разы болуы. 

Аллаға шынайы разы болған пенде, ішкі тыныштық пен бейбітшілікті табады, өйткені оның жүрегі Раббысына шынайы мойынсұнған, әрі әрбір істің қайыры бар екендігіне кәміл сенеді. 

Разы болу тек сабыр ету емес, тағдырдағы әрбір үкімнің артында хикмет жатқанын мойындау. Бұл – иманның ләззатына жеткен жүректің халі. Себебі иман иесі Алланың әрбір қалауын әділетті деп біліп, жүрегін үмітпен, тілін шүкірмен, көзін хикметпен әсемдейді»,-деді.

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz