Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «DARHAN DALA» отандық туризімді дамыту жобасы аясында Қарағанды облысы өкілдігінің дін қызметкерлері Шет ауданында орналасқан Сеңкібай би бабамыздың кесенесін зиярат етті.
Сеңкібай Оразғұлұлы 1709 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келіп, 1786 жылы Шет ауданына қарасты Қызылтау жайлауында дүние салған.
Орта жүз Арғынның ішінде Болатқожа (қаракесек) руынан шыққан. Атасы Қожас батыр болған. Сеңкібай би Бөгембай батырдың жасағы құрамында 1725 – 1729 жылдары Алакөл, Шұбартеңіз, Бұланты-Білеуті, Аңырақай шайқастарында ерлігімен көзге түскен.
Имамдар мен ақсақалдар зиярат аясында Сеңкібай би рухына Құран аяттарын бағыштап, дұға жасады.
Сондай-ақ, ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен Сеңкібай батырдың өмір жолы, ерлігі мен қайраткерлігі туралы тағылымды насихат айтылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойнша баспасөз қызметі